Баяндама тақырыптары

* Түркі халықтарының ділі мен өмірлік философиясын терең зерттеу жолында Қожа Ахмет Ясауидің ұсынған мүмкіндіктері;

* Әлемдік деңгейге көтерілудегі Қожа Ахмет Ясауидің және Ясауи тариқатының рөлі;

* Бүгінгі таңдағы жаһандық талаптар мен қажеттіліктерді ескере отырып, Ясауи ілімін қайта қарастыру және түсіну;

* Қожа Ахмет Ясауи туып-өскен жердің саяси және әлеуметтік ортасын жаһандық тұрғыдан қайта зерттеу;

* Қожа Ахмет Ясауидің түркі халықтарының діни түсінігін қалыптастырудағы рөлі мен ықпалын қайта саралау және нақтылау;

* Қожа Ахмет Ясауи өмір сүрген кезеңдегі діни, саяси және идеологиялық ағымдарды жаһандық тұрғыдан қайта қарастыру;

* Қожа Ахмет Ясауиді фықх, кәлам, тәпсір және ахлақ мәселелері тұрғысынан қайта қарастыру;

* Қожа Ахмет Ясауи туып-өскен жердің мәдени және зияткерлік өмірін жаһандық тұрғыдан қайта зерделеу;

* Қожа Ахмет Ясауидің әдістемесін және оның өзге діни философиялық жүйелердің арасындағы орнын бүгінгі әдістемелік өзгерістер тұрғысынан қайта зерттеу;

* Қожа Ахмет Ясауиді және оның ізбасарларын бүгінгі күнгі талаптар мен қажеттіліктер аясында қайта қарастыру.